«Ресми тіркеу сәті басталғалы бері алты шет мемлекеттен, үш халықаралық ұйымнан 72 бақылаушы аккредитациядан өткен. Сыртқы істер министрлігі тағы үш мемлекеттен жеті бақылаушыны тіркеуді ұсынды. Атап айтқанда, ОСК шақыруы бойынша Армения Республикасынан - екі, Грузиядан - екі бақылаушы Қазақстанға келеді», деді ОСК хатшысы.
Мұхтар Ерманның айтуынша, Франция Республикасынан да үш кандидат тіркеуге ұсынылған.
ОСК ұсынылған бақылаушыларды тіркеу туралы қаулы қабылдады.