Шахмат • 15 Ақпан, 2023

Жансая Әбдімәлік Мюнхенде бақ сынады

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияда ФИДЕ әйелдер Гран-приінің екінші кезеңі аяқталды. Оған Қазақстан шахматшысы Жансая Әбдімәлік қатысып, жалпы есеп бойынша алтыншы орынға тұрақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жансая Әбдімәлік Мюнхенде бақ сынады

Қазақстандық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік соңғы кезеңде Украина өкілі Анна Музычукпен тең ойнап, 5,5 ұпай жинады. Қосымша көрсеткіштер бойынша Жансая қытайлық Чжу Цзиньерді алға жіберіп, Қытайдың тағы бір өкілі Тан Чжоньи мен Германия шахматшысы Элизабет Петцтен озып, алтыншы орынды иеленді.

ФИДЕ әйелдер Гран-приінің екінші кезеңінің жеңімпазы 7,5 ұпай жинаған ресейлік Александра Костенюк болды. Екіншісі - Үндістаннан келген Хампи Конеру (7 ұпай), үшіншісі – Грузиядан келген Нана Загнидзе (6,5 ұпай).

Жалпы есепте екі кезеңнен кейін Александра Костенюк (250 ұпай) көш бастап тұр, Жансая Әбдімәліктің активінде 145 балл бар.