Тағайындау • 15 Ақпан, 2023

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет қаулысымен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

Ербол Тасжүреков 1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Х.А. Ясауи атындағы Мемлекеттік халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған. Әр жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2007-2013 жж. Астана қаласы Алматы аудандық сотында қызмет етті.

2013-2014 жж. – Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Кәсіпкерлік қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру басқармасының басшысы; Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау департаменті Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау басқармасының басшысы.

2014-2016 жж. – Ұлттық экономика министрлігі Өңіраралық ынтымақтастық, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары; Өңірлік саясат, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары. 

2016-2018 жж. – Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары.

2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2018-2019 жылдары – Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы маусымға дейін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі болды.