Аймақтар • 15 Ақпан, 2023

Оралда 14 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда бес күннен бері жоғалып кеткен оқушы қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда 14 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті

Зарина Нығметова 10 ақпан күні сағат 20:00 шамасында Тополинская көшесі, 1 мекенжайындағы үйден белгісіз бағытта кетіп, оралмаған.

«Бойы 162-165 сантиметр. Жіңішке денелі, қара шашты қыз. Үстіне ақшыл қоңыр түсті күрте, көк шалбар, қара етік киген. Қолында 8 (747) 445 32 17 нөмірі бар Samsung маркалы телефон бар», деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.