«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» мәліметіне сәйкес, ең қымбат көлік нөмірлері екі нөлден басталатын бірдей әріптері бар комбинациялар болды.
Сондай-ақ VIP санатқа үш жетіден тұратын нөмірлер де кіреді. Мұндай мемлекеттік нөмірлер 285 АЕК, яғни 873 мың теңгеге бағаланады. Аталған нөмірлер Алматы тұрғындары арасында көп кездеседі.
Өткен жылы алматылықтар ерекше 7 мың нөмір сатып алған. Бұл арқылы мемлекет бюджетіне 2 млрд 365 млн теңге түскен.