Елорда • 16 Ақпан, 2023

Астанада зейнеткерлерге қандай әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі?

390 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорданың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова қарт кісілердің әл-ауқаты мен қолдауына ерекше назар аударылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада зейнеткерлерге қандай әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі?

Елордада жасына байланысты зейнеткерлер жылына бір рет жеңілдетілген бағада санаторий-курорттық ем-домды Катаркөл көлінің жағасындағы Щучинск-Бурабай курорттық аймағында – қарттарға, мүгедектер мен балаларға арналған оңалту орталығында ала алады. Соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарға жолдама тегін беріледі.

Сондай-ақ қарттар күніне (1 қазан) 2,5 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем көзделген.

Қажет болған жағдайда зейнеткерлерге қатты отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек бөлінуі мүмкін. Оны жасы бойынша зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар, әлеуметтік маңызды аурулары бар адамдар, көпбалалы отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын, оның меншік иелері (жалдаушылары) не мүшелері саналатын балалар үйінің түлектері ала алады. Меншік иесінің (жалдаушының) отбасы, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үй болмаған және жан басына шаққандағы орташа табысы төрт ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын болса, жылыту маусымына 16 АЕК мөлшерінде көмек беріледі.

Сонымен қатар зейнеткерлерге газ қазандығын орнату бойынша шығындары өтелуі мүмкін.

Сондай-ақ тізімде өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға дәрі-дәрмек сатып алуға және ақылы медициналық қызметтерді қаржылай түрде алуға жылына 1 рет 13 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек бар.

«Астана қаласы бойынша тіс протездеу және ауыз қуысын протезге дейінгі санациялау қызметтеріне биыл 3000 орын бөлінді. Қазіргі уақытта тіс протездеу және санация қызметтерін ұсынуға мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланды, содан кейін тендер өткізіледі, нәтижесінде қызмет көрсетушімен (стоматологиямен) шарт жасалады. Бұдан әрі БАҚ арқылы қала тұрғындарына тіс протездеуге жазылудың мерзімі мен орны туралы хабарланады, ол екі жылда бір рет беріледі. Тіс протездеуге үміткерлерді тіркеуге сәйкес қызмет жыл бойы көрсетіледі», деп түсіндірді Айгүл Таласова.

Сонымен қатар зейнеткерлер қалалық жолаушылар көлігінің қызметін тегін пайдалана алады.

«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында аға буын өкілдеріне қолдау мен көмек көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025