Э.Паули 2021 жылы Президенттік Жастар кадрлық резервіне қабылданды. Сондай-ақ ол Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болған.
Әр жылдары Элина Паули ҚР АҚДМ қоғамдық жаңғырту департаменті, Жастар және отбасы істері комитетінде қызмет етті.
Сонымен қатар ол «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директорының орынбасары болды, 2022 жылдан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.