Қоғам • 16 Ақпан, 2023

«Пиязды қаптап сатып алудың қажеті жоқ»: Жұманғарин халықты дүрбелеңге салынбауға шақырды

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

16 ақпанда өткен Сенат отырысында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин елдегі инфляцияны тежеу мақсатында қабылданып жатқан шаралар жайын тарқатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Пиязды қаптап сатып алудың қажеті жоқ»: Жұманғарин халықты дүрбелеңге салынбауға шақырды
Серік Жұманғариннің айтуынша, былтыр Үкімет жыл бойы қаржы ресурсын біршама шоғырландырып отырған.
 
«Біз шамамен 100 миллиард теңге жинадық, қант бағасын жабу үшін қантқа 25 миллиард теңге бөлдік. Жақын арада төртінші қант зауыты іске қосылады, ол көптен бері босқа тұрып, қайта жаңғыртылды. Ал қалған қаражатқа картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат сатып алып, оны ақпан-мамыр айлары аралығында азаматтардың сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті көлемде жұмсадық. Қоймаларда өнім атаулары жеткілікті», деп түсіндірді Серік Жұманғарин.

Ол халықтың инфляциялық болжамы тауарлар мен азық-түлік құнына біршама әсер ететінін мәлімдеді.

«Қазір бұл салада әрекет ететін бірден-бір тенденция - халықтың инфляциялық болжамы. Басқа ештеңе жоқ. Ал оны саудагерлер, сатушылар пайдаланады, бағаны үнемі көтеріп отырады. Сондықтан біз қазір бұл өнім массасын 704 сауда орны арқылы таратып жатырмыз. Міндетті түрде кассасы бар сауда нүктелерінде баға бақыланады, біздің сауда бөлімшелері бағаны күніне үш рет түсіреді, бақылайды. Сапасы жақсы пиязды 130 теңгеден сатады. Оны қаптап сатып алудың қажеті жоқ. Бұрынғыдай бір-екі келі сатып алуға болады. Қазір күріштің бағасын түсіріп жатырмыз, меморандумға қол қойдық. Алаңдауға еш негіз жоқ», деп қосты министр.

Жұманғарин атап өткендей, Сауда және интеграция министрлігінің басты міндеті –  тапшылықтың алдын алу, бағаны тұрақтандырып, төмендеу үрдісін құру.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025