Қоғам • 16 Ақпан, 2023

Риддерде төтенше жағдай режимі алынды

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Риддердегі жылу электр орталығынан шыққан өрттен кейін төтенше жағдай режимі енгізілген еді. Сол оқиғадан кейін басшылық ауысып, жаңа инвесторлар келді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Риддерде төтенше жағдай режимін алып тастауды тапсырғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Риддерде төтенше жағдай режимі алынды

«Бүгін Риддер жылу электр орталығының жаңа инвесторларымен кездесу өткіздім. Бірден айта кетейін, он күн ішінде жылу орталығының жаңа иелері жөндеу жұмыстарының толық кестесін ұсынумен қатар қажетті жабдықтар мен компоненттердің, мамандардың тізімі мен санын көрсетуі қажет. Төртінші және бесінші қазандықтарға, көмір берудің резервтік трактісіне, өрттен зардап шеккен Орталық ғимаратының өзіне ерекше назар аударуы шарт. Барлық жабдықтар мен желілер күрделі жөндеуді қажет етеді, сондықтан кесте осы мәселелердің бүкіл блогын қамтығаны дұрыс», деп жазды өңір әкімі.

Даниял Ахметовтың айтуынша, станция қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайларына да баса назар аудару маңызды, ол үшін аспирация және желдету жүйелерін жөндеу керек.

«Жөндеу жұмыстарынан басқа Қаражыра көмір кеніші алдындағы дебиторлық берешекті өтеу кестесін жасауды да естен шығармаған жөн», деп қосты Даниял Ахметов.

Бұл ретте ол Риддер қаласының барлық тұрғындарына алғыс айтты.

«Риддер қаласының барлық тұрғындарына үлкен алғыс айтамын. Қиын жағдайда дүрбелеңге салынбай, жоғары түсіністік танытты. Риддер қаласы әкіміне жылу электр орталығы тоқтаусыз істеп тұруына байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін алып тастауға тапсырма бердім», деп қорытындылады ШҚО әкімі.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025