Теннис • 16 Ақпан, 2023

Теннистен әлемдік турнирлерге қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл теннистен ел намысын қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталды. Елордада Ұлттық теннис орталығында жасөспірімдер арасында Davis Cup 16&under, Billie Jean King Cup және World Junior Tennis Competition 14&under турнирлеріне іріктеу сайыстары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннистен әлемдік турнирлерге қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

14 және 16 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионатының іріктеу сайысы көктемде өткізіледі. Бес күнге созылған жарыс нәтижесінде әлемдік теннис турнирлеріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды. 

16 жасқа дейінгі ұлдар:

1.Әмір Омарханов (Қарағанды)

2.Заңғар Нұрланұлы (Түркістан)

Үшінші ойыншы кейін анықталады.

Қыздар:

1.Іңкәр Дүйсебай (Алматы)

2.Полина Слепцова (Алматы)

3.Ариана Гогулина (Астана).

14 жасқа дейінгі ұлдар:

1.Ярослав Пшеничный (Астана)

2.Мансұр Сайынов (Ақтөбе)

3.Михаил Мищенко (Алматы).

Қыздар:

1.Ева Корышева (Ақтөбе)

2.Еркежан Жаңатаева (Алматы)

3.Сабина Шухратова (Шымкент).

Davis Cup 16&under, Billie Jean King Cup іріктеу сайыстары алғаш рет Қазақстанда, Шымкент қаласында өтеді. Ал World Junior Tennis Competition жарысына ойыншылар Малайзияда, Кучинг қаласында іріктеледі.