Спорт • 16 Ақпан, 2023

Қорғаныс министрлігі шаңғы жарысынан чемпионат өткізді

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының орталық саябағында XIII Спартакиада аясында Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер Бас штабы құрылымдық бөлімшелері арасында шаңғы спортынан чемпионат өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қорғаныс министрлігі шаңғы жарысынан чемпионат өткізді

Жарыстың ашылу салтанатына Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Спорт комитеті – Орталық спорт клубының өкілдері, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері қатысты.

Спортшыларды құттықтаған Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, оларға жарқын жеңістер тіледі.

«Ұлт денсаулығы – кез келген мемлекеттің табыстылығының кепілі. XIII спартакиаданы өткізу – бұл біздің салауатты өмір салтын нығайтуға және ел дамуына қосқан үлесіміз. Сіздерге спорттық жетістіктер мен күш- жігер тілеймін», деді Қорғаныс министрлігінің аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлы.

Жаппай эстафеталық жарысқа қатысуға 39 команда өтінім берген. Жарыс екі топ бойынша өтті. Бірінші топта чемпионат кубогін Жауынгерлік дайындық департаментінің командасы, екінші топта 32039 әскери бөлімі жеңіп алды.