Футбол • 17 Ақпан, 2023

Астанада футбол менеджменті бойынша UEFA CFM курсы басталды

968 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UEFA Assist және UEFA Academy бағдарламалары аясында өткізілетін UEFA CFM  білім беру семинары өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада футбол менеджменті бойынша UEFA CFM курсы басталды

Бұндай семинар Астанада алғаш рет. Бұл еуропалық футбол қауымдастықтары одағының мүшелері үшін өте беделді курс және көп елдер оны өздерінде өткізуге ынталы. Қазақстан да УЕФА-ға бірнеше рет өтініш берген болатын. Орайы осы жылға келді.

«Бізге бірнеше жылдан бері Қазақстанда өткізуге өтінім түсіп жүр. ҚФФ жаңа президенті Әділет Барменқұловтың арқасында биыл өткізіп отырмыз», деді УЕФА-ның ұлттық ассоцацияларды дамыту жөніндегі директоры Тьерри Фавр.

Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша барлық деңгейлерде үш мың жоғары білікті маман қажет. Ал федерацияның мәліметтері бойынша олардың саны 300-ге ғана жетеді.

UEFA CFM курсы тоғыз айға созылады. Ол 350 сағаттық сабақты құрайтын алты негізгі модульден тұрады. Кіріспе модуль Астанада өтеді. Тренинг футбол клубтары мен қауымдастықтарды басқарудың барлық салаларын қамтиды: Қаржы, маркетинг, коммуникация, жедел басқару, стратегиялық даму және адами ресурстар. Баяндамашылар УЕФА, сондай-ақ Швейцария, Шотландия, Италия, Франция және Англия университеттерінің жетекші сарапшылары.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25