Саясат • 17 Ақпан, 2023

Қазақстан елшісі Норвегия Короліне сенім грамотасын тапсырды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның елшісі Әділ Тұрсынов Ослодағы Король сарайында Норвегия Королі Харальдке сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан елшісі Норвегия Короліне сенім грамотасын тапсырды

Сурет авторы: Terje Pedersen / NTB

Салтанатты рәсімнен кейінгі ресми қабылдау кезінде Норвегия Королі Қазақстанның заманауи дамуына қызығушылық танытып, Осло мен Астана арасындағы достық қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде қазақстандық дипломат Норвегия Королін елімізді жан-жақты дамыту мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды реформалардың жүзеге асырылып жатқаны туралы хабардар етті.

Сұхбаттасушылар өңірлік және жаһандық саясат мәселелерін де талқылады, сондай-ақ қазақстандық және норвегиялық спортшылардың халықаралық аренадағы бірқатар жоғары жетістікке тоқталды.