Аймақтар • 17 Ақпан, 2023

Алматы облысында қар көшкіні қаупі бар

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының таулы аймақтарында 17-21 ақпан аралығында қар көшкіні жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында қар көшкіні қаупі бар

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын, туристер мен демалушыларды қар көшкінінің ықтимал арандатуына байланысты қар басқан беткейлерге шықпауға, сондай-ақ таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары мен тәртіпті сақтауға шақырады.

«Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай өңірлерінде орналасқан 48 қар көшкіні қаупі бар аумақтар бар. Негізінен қар көшкіні температуралық фонның жоғарылауына және жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынның көп түсуіне байланысты түседі», деді ТЖД баспасөз қызметі.