Аймақтар • 17 Ақпан, 2023

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Теміртау орталық ауруханасына жабдық сатып әперді

395 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Теміртау қаласының орталық ауруханасы» КМК-ге қымбат медициналық техниканы сатып әперді. Қазір мекеменің күйік және реанимация бөлімшелері  арнайы жабдықтармен жабдықталды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Теміртау орталық ауруханасына жабдық сатып әперді

Өткен жылдың қыркүйек айында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Теміртау қаласының орталық ауруханасы» КМК меморандумға қол қойған. Меморандумның басты мақсаты – Теміртау қаласының тұрғындарына медициналық көмектің сапасын жақсарту. Осы келісім аясында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шаһардағы орталық аурухана үшін күйік бөлімшесіне арналған заманауи жабдықтарды сатып алды. Жергілікті дәрігерлердің арсеналында мобильді рентген аппараты мен жаңа «Жедел жәрдем» көлігі пайда болды.

«200 миллион теңгеден астам сомаға жабдық сатып алынды. Олар – күйікке қарсы екі жапондық төсек, «Жедел жәрдем» көлігі, оттегі газификаторы және жылжымалы рентген аппараты. Бүгінгі күні меморандум бойынша қабылданған міндеттемелердің бәрі орындалды. Енді күйік бөлімшесінің пациенттері шұғыл көмекті сапалы әрі қолайлы жағдайда ала алады», дейді «Теміртау қаласының орталық ауруханасы» КМК директоры Самат Кенжебаев.

вв

Қаланың орталық ауруханасының дәрігерлері бірауыздан жаңа жабдықтарды денсаулық сақтау ісіне қосылған баға жетпес үлес деп санап, бұл ауыр жарақаттары бар науқастарға шұғыл көмекті жақсартуға мүмкіндік беретінін айтып отыр. Күйікке қарсы төсек пациентке денесінің салмағын сездірмейді, яғни арқа жағында үлкен күйігі бар адам салмақсыздық жағдайында әуеде қалықтап жүргендей болады, денесінің салмағы жараға күш түсірмейді. Бұл емделушінің ауырсынуын азайтып, емдеу курсы жайлы да нәтижелі болуына мүмкіндік береді. Бұған қоса, науқастың денесіне қысым қан айналымын қиындатпайтындай етіп бөлінеді. Ал микросфералар арқылы өтетін ауа автоматты түрде қажетті температураға дейін қызып, теріні кептіріп, бактериялардың көбеюіне жол бермейді.

Кереуеттер жасалған материал жұқпалы аурулар қаупін азайтады. Сондай-ақ мұндай кереуеттер ұзақ емдеу курстарына және өздігінен қозғала алмайтын науқастарға қажет. Өйткені олар терінің ойылуын болдырмайды. Төсек терінің терең дағы, мылжалануы және үсік шалуы сияқты жарақаттарын жазу үдерісін тездетеді. Тағы бір маңызды жаңалық –  бөлімшені орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз ету. Бұл бұрынғы баллон жүйесін жойып, қауіпсіз де үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік туғызып отыр. Бұған қоса, жылжымалы рентген аппараты сатып алынды. Ол тасымалдауға болмайтын, оттегіге тәуелді, өздігінен қозғала алмайтын пациенттерді немесе жағдайы ауыр науқастарды диагностикалау үшін қажет. Аппарат заманауи цифрлық жүйеде жұмыс істейді: суреті бар файлды дереу әлемнің кез келген жеріне – емдеуші дәрігердің ұялы телефонына немесе басқа қаладағы медициналық мамандардың консилиумына жіберуге болады,

«Рентген аппараты керемет, мобильді, осындай аппаратураның көмегімен біз  жылдам әрі дәл диагностика жасап, пациенттерімізге өмір сыйлаймыз. Осындай аппарат үшін, осындай сыйлық үшін «АрселорМиттал Теміртауға» рахмет!», дейді орталық аурухана дәрігерлері.

Дәрігерлер енді науқастарды ауруханаға реанимациялық жүйемен жабдықталған «Жедел жәрдем» көлігімен жеткізеді. Дәрігерлер жаңа техника барлық науқасқа пайдалы болатынына сенімді.

- «АрселорМиттал Теміртау» – әлеуметтік-жауапты компания. Ол өзі жұмыс істейтін өңірлердегі тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруда. Өткен 2022 жылы әлеуметтік инвестициялардың сомасы 52 миллиард теңгеден асты. Біз әлеуметтік бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырамыз. Біз осындай маңызды үлес қосып, Теміртау тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетілетін болғанына, сондай-ақ жаңа жабдықтың жәрдемімен ауруларды ерте диагностикалауға мүмкіндік туғанына қуаныштымыз», - дейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Владимир Яблонский.