АСТАНА. 20 маусым. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея республикасы президентінің сапары екіжақты байланыстарды одан ары дамыта береді деп мәлімдеді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев: «Оңтүстіккореялық серіктестермен шикізаттық емес саладағы ынтымақтастық жүйелі түрде кеңейіп келеді. Қазірдің өзінде 300-ден аса бірлескен кәсіпорын құрылды, соның ішінде жеңіл автомобильдер мен жүк және жолаушы тасымалы көліктерін құрастыру кәсіпорындары бар. Балқаш жылу электр стансасы, Атырау облысындағы газ-химия кешені құрылысы, «Жамбыл» кенішін игеру секілді ірі жобалар табысты ілгерілеуде. Сондай-ақ, келіссөздер барысында біз Пак ханыммен бірге корейлік бизнестің Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысуы жайын талқыладық. Тараптар «технологияларды ресурсқа алмастыру» формуласы бойынша ынтымақтасуға мүдделі екендігін қуаттады», – деді.
Бұдан бөлек, Президент екі ел арасында визасыз режім орнатылатынын, бұл қос мемлекет үшін ыңғайлы және тиімді бизнестік ахуал қалыпастыратынын жеткізді.
Корея республикасы президенті Пак Кын Хе өз кезегінде: «Біз инфрақұрылымдық құрылыс, ғылым мен технология, орман шаруашылығы мен экология сияқты салалардағы ынтымақтастық аясын кеңейте отырып, екі елдің бірлесе дамуына және Қазақстан экономикасын әртараптандыруға үлес қосу жөнінде келісімге келдік. Екі елдің болашаққа межеленген қарым-қатынасы үшін гуманитарлық-мәдени алмасуды жандандырып, бастапқы кезеңде инвестициялық кедергілерді азайту маңызды екені жөнінде ортақ тоқтамға келдік», – деді.
Тараптардың кездесуі барысында белгілі болғандай, Оңтүстік Корея жағы еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге деген талпынысын қолдап отыр.
Пак Кын Хенің айтуынша, егер еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін болса, екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастық арта түседі.
Оңтүстік Корея президенті кездесу соңында: «Осы сапар өткен жиырма жыл ішінде қалыптасқан сенімді қарым-қатынастар әлеуетінің бұдан әрі дамытылуына айтарлықтай серпін береді», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: akorda.kz.
Фото: sk.kz.

Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48