Елорда • 17 Ақпан, 2023

Елордада «Арғымақ» конкурсынан ашық кубок өтеді

358 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы олимпиадалық ат спорты түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов онлайн-брифингте хабарлады, деп жазады Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада «Арғымақ» конкурсынан ашық кубок өтеді

Елордада 26 ақпан күні «Арғымақ» конкурсынан ашық кубок өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 12 миллион теңгені құрайды. Оларға 5 маршрут бойынша 50-ге жуық шабандоз қатысады деп күтіліп отыр. Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

«Аталған іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, Астана мен Қазақстан Республикасында ат спортын насихаттау және дамыту; адамдарды белсенді және салауатты өмір салтына тарту құралы ретінде ат спортына қызығушылықты арттыру және перспективалы шабандоздар мен жылқыларды анықтау болып саналады. Сонымен қатар Халықаралық әйелдер күніне орай әйелдер конкурсын өткізу жоспарланып отыр. Біз 30-ға жуық шабандоз жарысқа қатысады деп күтіп отырмыз. Жарыстың жалпы жүлде қоры алты миллион теңгені құрайды», деді Хасенов.

Астанада «Наурыз» мерекесі қарсаңында ұлттық спорт түрлері бойынша ат спорты іс-шаралары өткізіледі.

2023 жылғы 22 наурызда «Қазанат» ипподромында көкпардан жарыстар басталады, оған Астана, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қостанай қалаларының және Ақмола облысының командалары қатысады, аталған іс-шараның жүлде қоры 19,5 млн теңгені құрайды.

«Жалпы ат жарысының өзіндік ерекшелігі мен мақсаты бар. Ресми жарыстарға қатысатын жылқылардың денсаулығына қойылатын ветеринариялық талаптар қолданыстағы ветеринариялық заңнамаға және FEI ветеринариялық ережелеріне сәйкес келеді. Жарысқа келген әрбір жылқы биылғы және өткен жылғы ветеринариялық өңдеумен ветеринариялық паспортпен қамтамасыз етілуі тиіс, жылқы иесінде Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясының ұлттық спорт паспорты болуы тиіс. FEI талаптарына сәйкес», деп түсіндірді спикер.

Жылқылардың барлығы Қазақстан Республикасының Ат спорты федерациясында тіркелуі, ұлттық паспорты болуы қажет.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025