65 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен атлеттер арасында қостанайлық Айбат Қапановтың бағы жанды. Ол 46 рет тартылып, аталған санат бойынша жеңімпаз атанды.
Жарысқа өңірлік іріктеуде үздік нәтиже көрсеткен 170 спортшы қатысып жатыр. Қатысушылардың жасы – 11-51 жас аралығында.
Іс-шара ҚР Президенті жанындағы «DARA» таланттарды қолдау қорының бастамасымен ұйымдастырылды.
Гранд-финалдың жалпы жүлде қоры – 54 млн теңге. Өз салмақ дәрежесі бойынша 1-орын алған жеңімпаздарға 3 млн теңге, 2-орын алғандарға 2 млн теңге, 3-орын иеленгендерге 1 млн теңге сыйақы беріледі.