Ресейдің Мытищи қаласында өткен кездесуде командалар тартысты ойынымен ерекшеленді. Соған қарамастан бірінші кезеңде есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде «Барыс» хоккейшісі Лиден Вей 32-минутта көзге түсті. Бұдан кейін қытайлық команда таразы басын теңестіруге тырысты.
Үшінші кезеңнің 56-минутында қытайлық командадан Джек Родевальд таразы басын теңестірді.
Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда Никита Михайлис жеңіс шайбасын соқты.
Осылайша, «Барыс» 2:1 есебімен басым түсті.