Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы табиғи апаттармен және төтенше жағдайлармен күрес департаментінің (AFAD) басшысы Юнус Сезер мәлімдеді.
Оның айтуынша, апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстары бүгін, 19 ақпанда аяқталады.
«Қазір іздеу-құтқару жұмыстарына 13 мыңға жуық адам қатысуда. Шетелден көмекке келгендерге шын жүректен алғыс айтамын. 80 елден келген құтқарушылардың бір бөлігі отанына оралды», деді AFAD басшысы.