Аймақтар • 19 Ақпан, 2023

Тараз қаласына екі аудан қосылады

764 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байзақ және Жамбыл аудандары Тараз қаласына қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараз қаласына екі аудан қосылады

Байзақ және Жамбыл аудандарының 14 елді мекенін қалаға кірістіру жоспарлануда. Екі ауданда 44 мың ауыл тұрғыны тұрады.

Осылайша, қала 30 мың гектарға дейін өседі, ал 2025 жылға қарай ол жеке әкімдіктер құрылатын екі әкімшілік орталыққа бөлінеді. Қаланың өсуі үш жаңа шағын аудан құруға мүмкіндік береді. Олардың құрылысы 2023 жылдың соңына жоспарланған.

«14-ші шағын ауданда біз 64 көпқабатты үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл негізінен коммерциялық тұрғын үй болады. Сонымен қатар бізде жаңа мектеп салу қарастырылған. Сауда орталықтары, спорт орталықтары және спорт алаңдары сияқты денсаулық сақтау және коммерциялық нысандары да салынады», деді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.