19 ақпанда сағат 9:59-да Павлодар облысы ТЖД «101» операторының пультіне Екібастұз қаласы Қонаев көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт болғанын анықтады.
Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен үш техника жұмылдырылды.
Өрт 10:21-де ауыздықталып,10:34-те жойылды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.