АСТАНА. 20 маусым. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарағанды облысының әкімі болып Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков бекітілді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар Нұрмұхамбет Әбдібековтің кандидатурасын қолдады.
Қарағанды облысының активіне аймақтың жаңа әкімін Президенті әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин таныстырды.
Нұрмұхамбет Әбдібеков 1961 жылы 21 желтоқсанда Қостанай облысы Арқалық қаласында туған. 1984 жылы тау-кен инженері мамандығы бойынша Мәскеу тау-кен институтын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1984 жылы Шилісай фосфорит кенішінің шебері, кейін тау-кен цехының бастығы болып бастаған.
Ол 1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметке араласқан. Ақтөбе, Атырау облыстарының әкімдіктерінде бірқатар басшылық қызметтерге тағайындалған. 2004 бастап Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі, Индустрия және сауда вице-министрі қызметтерін атқарған.
Ал осы тағайындауға дейін ол Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болды.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: akorda.kz
Фото: nur.kz.