АСТАНА. 20 маусым. Аты аңызға айналған миландық театрдың елордаға гастрольдік сапары аясында «Ла Скала» мен Неаполдағы «Сан Карло» театры басшылары мен «Астана Опера» театры арасында әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылмақ. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған үш музыкалық театрға қашанда достық пен шығармашылық әріптестік дәнекер екенін айта кеткен жөн. Кездесу барысында театр басшылары алдағы жұмыс жайын талқылауды жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, астаналық театр италиялық «Ла Скала» театрымен бірігіп, биылғы жылдың мамыр айында Дж. Пуччинидің «Тоска» операсын қойған болатын, сондай-ақ, алдағы күзде қос өнер ордасы Дж.Вердидің «Аида» (қоюшы-режиссер – Франко Дзеффирелли, Италия) операсының тұсауын кеспек.
Ежелгі «Сан Карло» опера театрының директоры Розанна Пуркиа ХХІ ғасыр ғаламаты – «Астана Опера» театры жайлы бұған дейін өзінің әріптестерінен көп естігенін атап өтті. «Жас театрды көріп, бірлескен әріптестігімізді талқылап қайту мен үшін үлкен құрмет» деді маман. Розанна Пуркиа өзара гастрольдік алмасулар ұйымдастыруды ұсынды, осылайша, неаполдық труппа алдағы жылы Б.Эйфманның қойылымындағы В. Моцарттың «Реквием» балетінің тұсауын кесуді жоспарлап отыр, ал «Астана Опера» театрының труппасы бұған жауап ретінде «Сан Карло»-дағы «Күзгі билер – 2015» фестиваліне қатысатынын мәлімдеді. Қос театрдың жоспарында Г.Доницеттидің «Lucia di Lammermoor» қойылымын бірігіп қою мәселесі тағы тұр. Қойылым өзінің жарқын жақтарымен жан баурайды деген сенім бар, онда халықаралық деңгейдегі каст өнер көрсетпек, қоюшы- режиссері – бірнеше кинематографиялық марапаттардың иегері, «Оскар» сыйлығының «үздік шетелдік фильм» аталымы бойынша номинанты Джианни Амелио, сценографы – Никола Рубертелли.
Қарашаш Тоқсанбай.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: astana.gov.kz.
• 20 Маусым, 2014
«Астана Опера» әлемдік театрлармен әріптестік байланыс орнатады

Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48