Фото: Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі
Облыстық полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға Самара-Шымкент тасжолының 1767-1768 шақырымында (Сырдара ауданы) болған.
«Mercedes пен Opel көліктері соқтығысқан. Оқиға салдарынан 4 адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жеткізілді. Жол апатына байланысты мәліметтер анықталып жатыр», деді Қызылорда облысы Полиция департаметінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.