Ауа райы • 20 Ақпан, 2023

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

716 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 21-23 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлай Egemen.kz.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райын үлкен қоры бар белсенді Атлантикалық циклон анықтайды. Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын, қар аралас жаңбыр, көктайғақ, тұман, екпінді жел күтіледі. 

Еліміздің батысында ауа температурасы түнде 0-8-ден 7-15-ке дейін төмендеуі мүмкін. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста 5-15 аяздан 0-8 аязға дейін күтіледі. Орталықта 2-15 аяздан 3 аяз-3 жылыға дейін ауытқиды, республиканың оңтүстік жартысында түнде  3 аяз-3 жылы болады.