Туризм • 20 Ақпан, 2023

Британдық басылым Қазақстанның туристік әлеуетін бағалады

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Британияның Condé Nast Traveller халықаралық басылымы «Қазақстанда баруға болатын ең қызықты орындар» деген тақырыпта мақала жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Британдық басылым Қазақстанның туристік әлеуетін бағалады

Мақалада еліміздің көркем табиғатымен ерекшеленетін орындар, атап айтқанда Алматы, Бурабай, Астана, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Ұлытау өңірлері аталып, қызықты деректер ұсынылған. Авторлардың айтуынша, Қазақстанның туристік әлеуеті жыл санап дамып келе жатыр. Сондай-ақ авторлар: «Қазақстанды ауқымы жағынан ғаламшардағы асқар таулардан тұзды бастауларға дейін, мөлдір көлдерден ну ормандарға дейін, заманауи сәулеттен ежелгі төбелерге дейінгі таңғажайып пейзажы бар тоғызыншы ел» деп жазады.

«Өткен бір аптада ғана Қазақстан Үндістаннан келген туристер үшін ең үздік тренд бағыты ретінде танылды. Бұған дейін Қазақстан танымал Сurly tales сайтының нұсқасы бойынша қолжетімді демалыс бойынша ТОП-10 елдің қатарына кірді. Әлемдік басылымдар Қазақстанға ерекше назар аударып, туристердің Қазақстанға келуіне ұсыныс жасайтыны қуантады. Біз отандық және шетелдік туристердің жайлы демалысы үшін жағдай жасап, осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», деді вице-министр Ержан Еркінбаев.