Тағайындау • 20 Ақпан, 2023

Қарағанды ​​облысының бас экологы тағайындалды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бақтияр Жұматайұлы Санбаев Қарағанды ​​облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағанды ​​облысының бас экологы тағайындалды

Бақтияр Санбаевтың екі жоғары білімі бар. Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетін «төтенше жағдайлардан қорғау, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы бойынша және Орталық Қазақстан академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды ​​облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2013 жылдан бастап Қарағанды ​​облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында жұмыс істейді.

2020 жылдың маусым айынан бастап осы тағайындауға дейін басшының орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55