Бақтияр Санбаевтың екі жоғары білімі бар. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «төтенше жағдайлардан қорғау, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы бойынша және Орталық Қазақстан академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2013 жылдан бастап Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында жұмыс істейді.
2020 жылдың маусым айынан бастап осы тағайындауға дейін басшының орынбасары қызметін атқарды.