Фото: Polisia.kz
Көлігінің жүк салғышында екі қап мефедрон есірткі затын тасымалдап жүрген 35 жастағы елорда тұрғыны ұсталды.
«Тергеу барысында ұсталған азаматтың есірткіні Алматыдан сатып алып, Астанаға өтіп бара жатқан көлігімен жөнелткені және елордаға ұшақпен оралғаны анықталды. Содан кейін ол бір келі есірткі салып, үш қалада: Көкшетау, Петропавл және Павлодарда бетбелгілер жасауды жоспарлаған. Ол есірткіні орап жатқан кезде ұсталды», деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Ұсталған азаматтың пәтерін тінту кезінде екі келі гашиш, бір миллион теңгеден астам ақша, сондай-ақ электронды таразылар мен орау материалдары тәркіленді.
«Тәркіленген есірткінің салмағы ірі мөлшерге жатады. Олардың айналымы үшін көзделген санкция қылмыскердің мүлкін тәркілеп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жүргізіліп, ұсталған азаматтың қылмыстық байланыстары анықталып жатыр», деп атап өтті полиция қызметкерлері.