Экология • 20 Ақпан, 2023

Ғалымдар климаттық өзгерістерге алаңдаулы

382 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орегон мемлекеттік университетінің (OSU) ғалымдары жазған жаңа зерттеуінде қауіпті климаттық кері байланыс циклдары туралы мәселе қозғалды. Мақала One Еarth Today журналында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалымдар климаттық өзгерістерге алаңдаулы

Зерттеудің жетекші авторлары ОМУ зерттеу докторанты Кристофер Вульф пен ОМУ экологиясының көрнекті профессоры, табиғатты қорғау институтының ғылыми қызметкері Уильям Риппл. 

Зерттеуші ғалымдар, жаһандық жылынуды тежеу үшін экологияға зиян келтіретін қалдықтап көлемін азайту қажет дейді. АҚШ пен Еуропа зерттеушілері климаттың өзгеру перспективаларына елеулі әсер ететін 41 климаттық кері байланыс циклін тізіп жазған. 

Авторлар экологияның бұзылуынан температураның жоғарылауы мұздықтың еруіне, көмірқышқыл газы мен метан шығарындыларының жоғарылауына және одан жаһандық жылынудың қарқындауына, ормандардың жойылыуына әкеп соқтыратынын айтты. 

«Экологияны ластайтын шығарындыларды азайтудың қазіргі жоспары жаһандық жылынуды жеткілікті деңгейде шектей алмауы мүмкін. Сондықтан біз қалдықтарды көптеп жою мәселесін не шығарындыларды азайту жолын табуымыз керек», дейді ғалымдар.

Авторлар бұл мәселеге қатысты екі ұсыныс білдірді.

«Климатты зерттеуге келетін болсақ, климатқа әсер етуі мүмкін биологиялық, әлеуметтік және басқа да өзара әрекеттесулерді толық қарастыру үшін интеграцияланған жер жүйесі ғылымына жылдам көшу қажет. Климаттық саясат тұрғысынан климаттық апаттарды да, ұзақ мерзімді апаттық тәуекелдерді де ескере отырып, шығарындыларды азайту бойынша ауқымды жоспарлар жасалуы керек», деді Риппл.

Қорытындылай келе, авторлар климаттық дағдарысты шешу үшін трансформациялық өзгерістер енгізуді ұсынды. Вульфтың айтуынша, экологиялық саясат көптеген секторлардағы, соның ішінде энергетика мен азық-түлік өндірісіндегі трансформациялық және әлеуметтік өзгерістерге ықпал етуі қажет.