Партия • 20 Ақпан, 2023

Қоршаған ортаны қорғау парыз

499 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысы – елімізде экология жағынан қолайсыз алты өңірдің бірі. Ал Шымкент қаласы пайдаланылған автокөлік газына ең көп ластанған алғашқы үш шаһардың қатарында. Мұнда ауаға таралатын зиянды заттардың 70 пайызын осы көліктен бөлінетін газ құрайды. Оның үстіне құрғақшылық мәселесі де өзекті.

Қоршаған ортаны қорғау парыз

«Байтақ» жасылдар партиясының өңірлік штабы Түркістан облысының Сайрам және Шымкент қала­ларында Сайрам – Шымкент – Түркістан бағыты­мен автобус турын бастады. Аталған іс-шараға Түркістан облысы мен Шымкент қаласы штабының мүшелері, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы­нан мәслихатқа кандидаттар ретінде тіркел­ген азаматтар қатысты. Акция ірі қалалар мен өңірлер­дің экологиялық мәселелеріне, ауаның, су қоймалары­ның және ландшафттың ластануының жоғары дең­гейі­не назар аударуға бағытталған. Мақсаты – таза қор­шаған ортаны қорғауға, табиғатқа ұқыпты қарау­ға, таза энергия мен өнеркәсіп құруға және адам­дар­дың денсаулығын сақтауға шақыру. Тур барысында акцияға қатысушылар жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдарын тыңдады.

Бұдан бөлек, «Байтақ» жасылдар партиясы «Таза өмір» атты бір апталық экологиялық марафонын бастады. Іс-шараға ауасы жоғары ластанған қалалардың тұрғындары, экобелсенділер мен партия жақтастары қатысты. Марафон қатысушылары газтұмша киіп алып, Астана, Алматы және Теміртау саябақтары арқылы жүгірді. Акция өнеркәсіптік кәсіпорындардан атмосфералық ауаны ластаушы заттардың шығарылуын азайтуды мақсат етіп отыр. Себебі ірі өнеркәсіптік қалаларда тұратын адамдар денсаулыққа әсер ететін зиянды және улы заттарға толы ауамен тыныс алуға мәжбүр.

– Біз жеке сектордың көмір отынынан табиғи газға көшуін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды көздейміз. Бүгін біз қоғамымызды тұншықтырып жатқан мәселелерді халыққа жеткізу үшін газтұмшамызды шештік. Бұл акция – таза тыныс алу, таза сайлау және таза саясат үмітінің символы. Лас ауадан зардап шегетін барлық аймақты марафонымызға қатысуға шақырамыз, – деді «Байтақ» жасылдар партиясының көшбасшысы Азаматхан Әміртай.

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында эстафетаны партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Қашқынбеков пен Алматы қалалық штабының мүшелері қабылдады.