Қоғам • 21 Ақпан, 2023

Алматы облысында кәсіпкерлерден заңсыз салық алынған

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында кәсіпкерлерден жарнама салығы заңсыз өндірілген, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Алматы облысында кәсіпкерлерден заңсыз салық алынған

Прокурорлар мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік субъектілерінен жарнамаға заңсыз салық алу деректерін анықтады. «Жарнама туралы» заңда жарнаманың түрлері нақты айқындалғаны атап өтілді.

«Алайда, жергілікті атқарушы органдар бизнес субъектілерінде жарнаманың болуы туралы мәліметтерді фискалдық органдарға жіберген, оның ішінде бұл тізімге маңдайшалар да енгізілді. 220 кәсіпкерге қатысты осындай заңбұзушылықтарға жол берілді, прокуратураның енгізілген қадағалау актісі бойынша бүгінде 60-тан аса кәсіпкерге заңсыз төленген сомалар артық төлем түрінде дербес шоттарға қойылды», делінген хабарламада.

«Жарнама туралы» Заңның 11-бабы 1-1-тармағына сәйкес маңдайшалар сыртқы жарнамаға қолданылмайтынын және олар үшін салық төлемдері алынбайтынын түсіндірілді.