Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 67-ракеткасы, сербиялық Филип Краиновичпен кездесті. Осыған дейін Александр өткен жылдың қазан айынан бері түрлі жарыста он рет қатарынан жеңіліс тапқан еді. Бұл жолы бірінші партияда сербиялық теннисші сәттірек ойнады – 7:5.
Есесіне екіншісінде брейк жасаған Бублик қарымта қайырды – 6:3. Қазақстандық спортшы үшінші, шешуші сетті қос брейкпен бастады – 3:0. Бұдан кейін сербиялық спортшы брейк жасап, есепті қысқартты. Дегенмен қазақстандық теннисші матчты эйспен түйіндеді – 6:4.
Александр ширек финалға шығу үшін әлемнің 48-ракеткасы, швейцариялық Марк-Андреа Хуслер немесе рейтингте 58-орындағы франциялық Грегуар Баррердің біреуімен кездеседі.