Қазақстан • 21 Ақпан, 2023

Сенаторлар ГФР Бундестагының депутаттарымен кездесті

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров ГФР Бундестагының депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар ГФР Бундестагының депутаттарымен кездесті

Бұл Бундестагтың ХХ шақырылымындағы «Германия - Орталық Азия» парламенттік тобы мүшелерінің Қазақстанға және Орталық Азия өңіріне алғашқы сапары болып отыр.

Қазақстандық сенатор Палата қызметінің негізгі бағыттары және республиканың саяси өзгерістері туралы еуропалық әріптестеріне айтып берді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі талқыланды. Оған еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 және 2020 жылдардағы Германияға сапарлары жаңа серпін берген болатын.

Депутаттар экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын атап өтті.

- «Қазақстан - Германия» және «Германия -Орталық Азия» парламенттік достық топтарының елдеріміз арасындағы байланыстары мен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететін нәтижелі өзара іс-қимылын атап өту маңызды. Біз осыған байланысты Бундестагтың депутаттар тобының жаңа құрамымен өткен онлайн-кездесудің қорытындыларын жоғары бағалаймыз. Сонымен қатар екі елдің парламент комитеттері арасында тікелей байланыс орнатуды ұсынамын», - деді Асқар Шәкіров.

Тараптар Қазақстан мен Германияның, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың алаңында парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.