Куәгерлердің айтуынша, 19 ақпанда Алтай ауданы Октябрь ауылының маңында «қызғылт бұлт» байқалған. Дәл осындай құбылыс өткен жылдың желтоқсан айында да болған.
«Эколог мамандар тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізген. Тексеріс нәтижесі бойынша «қызғылт бұлттың» пайда болуына «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС-нің саз карьеріндегі бұрғылау және жару жұмыстары себеп болғаны анықталды. Бұл жөнінде тағы мәселе туындаса, департамент қайта тексеруге дайын», деп түсіндірді ШҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Рауан Тұраров.