21 ақпан күні сағат 12:26-да Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Сарыарқа ауданы, Қосшығұлұлы көшесі 22/1 мекенжайына жөнелтілді. Өрт сөндірушілер жеткен кезде екінші қабаттағы пәтерде 25 шаршы метр аумақта жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып жатқаны анықталды.
«Өртті сөндіру барысында астаналық өрт сөндірушілердің күшімен бетперделер мен баспалдақтың көмегімен 26 адам эвакуацияланды, оның ішінде 13-і - бала. 125-ке жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. 6 адам жедел жәрдем бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қосымша тексеру үшін ауруханаға жеткізілді, оның ішінде 3-еуі - бала», деп хабарлады елордалық ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 18 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.