Н.Қ.Әбдібековті Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 20 маусым. № 845Нұрмұхамбет Қанапияұлы ӘБДІБЕКОВ
1961 жылы туған. Мәскеу тау-кен институтын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Шиелісай фосфорит руднигі тау-кен цехының ауысым шебері, учаске бастығы болып бастады. Ғылыммен, кәсіпкерлікпен шұғылданды. Ақтөбе және Атырау облыстарының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда жұмыс істеді. «Батыс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. Ұлттық ғарыш агенттігінің департамент директоры, Индустрия және сауда министрлігінің комитет төрағасы, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Ақтөбе қаласының әкімі қызметтеріне тағайындалды. 2012 жылғы ақпаннан – Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары.