Елорда • 21 Ақпан, 2023

Астанада қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай онкүндік өтті

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі республикалық онкүндік өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай онкүндік өтті

Ашық есік күні аясында Көпсалалы медициналық орталықта 100-ге жуық адам толық тексеруден өтті. Өйткені, бұл аурудың өршіген ауыр түрімен күресуден гөрі алдын алу жеңілірек.

«Қатерлі ісік түрлерін ісіктің орналасқан жеріне, оның мөлшеріне, пайда болу себептеріне және өзге де факторларға байланысты жіктеуге болады. Ағзадағы ісік процесінің дамуына дұрыс тамақтанбаудан бастап генетикалық тұқым қуалаушылыққа дейін әртүрлі себептер әсер етуі мүмкін. Қатерлі ісіктің барлық түрлері белгілі бір емдеу режімін қажет етеді, бұл қалыпты жағдайды сақтауға мүмкіндік береді», дейді онкүндік аясында қала тұрғындарына тексеру өткізген маман.