Оқиға • 21 Ақпан, 2023

Танымал футболшы Амансио қайтыс болды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испания құрамасы сапындағы 1964 жылғы Еуропа чемпионы, «Реал Мадрид» футбол клубының құрметті президенті Амансио 83 жасында қайтыс болды. Бұл туралы сейсенбі күні «Реал Мадридтің» баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Танымал футболшы Амансио қайтыс болды

Кәсіби деңгейде Амансио испандық «Депортиво» (1958-1962) және «Реал» (1962-1976) командаларында ойнады. Мадридтік клубтың құрамында футболшы тоғыз рет ел чемпионы атанды, үш рет Испания суперкубогін жеңіп алды, бір рет Еуропа чемпиондар кубогін (қазіргі Чемпиондар лигасы) жеңіп алды. Футболшы «Реал Мадрид» сапында барлығы 418 матч өткізіп, 142 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. 

Амансио Испания құрамасы сапында 42 ойынға қатысып, 11 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. 1964 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кездесуінде испандықтар КСРО құрамасын жеңген (2:1). Турнир нәтижесінде Амансио символдық құрамаға енді.