Елші өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елдің маңызды энергетикалық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуі мақсатында Тәжікстанға 860 млн 805 мың теңге (шамамен 1,8 млн АҚШ доллары) сомасында гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылданғанын атап өтті.
Гуманитарлық көмек энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі және Қазақстан мен Тәжікстанның ғасырлар бойғы қарым-қатынастарына тән бауырластық пен өзара көмек көрсеткіші екенін атап өту қажет.
Айта кетейік, Қазақстан тарапы Тәжікстанға ақшалай баламада көрсеткен гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 2006 жылдан бастап 44 млн АҚШ доллардан асты.