Қоғам • 22 Ақпан, 2023

Қымбат балабақшалардағы тәрбиешілердің жалақысы қандай?

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қымбат балабақшалардағы тәрбиешілердің жалақысы қандай?

Елімізде жеке меншік балабақшалардың құны 45 мың теңгеден басталады. Одан жоғары ақы сұрайтын балабақшалар да бар. Осындай жекеменшік балабақшалар тәрбиешілерге жоғары айлық төлеуге міндетті ме? Оқу-ағарту министрлігі оларға осындай талап қоя ала ма?

«Жеке балабақшаларға біз оны міндеттей алмаймыз. Себебі олар өз қаражатын өзі бөліп, реттеп отырады. Егер мемлекеттен тапсырыс алатын балабақша болса, тапсырысқа қатысты жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары болуы мүмкін. Бірақ көбіне олар келісімшартта ата-аналардан алатын үстемақыға қандай қызмет түрлерін көрсетуді ұсынады? Қосымша қандай да бір үйірмелері бар ма, әлде балалардың денсаулығына қатысты қосымша бағдарламалармен жұмыс істей ме? Яғни, қандай нәрсе ұсынады, сондай қызмет көрсетеді», деді ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова.

Сонымен қатар институт директоры жұмыс тәртібі, қауіпсіздік және санитарлық нормалар барлық балабақшаға ортақ талап екенін еске салды.

Манара Адамованың айтуынша, бүгінде мектепке дейінгі білім беру ұйымында 5 жылға дейінгі еңбек өтілі және ең төменгі ІІ санаты бар педагогтің орташа айлығы – 164-172 мың теңге. Ал тәжірибесі жоқ, жұмысқа жаңа орналасқан мамандардың орташа айлығы 94-120 мың теңгенің айналасында болады.