Бұл туралы Ұлттық антидопинг орталығының ресми сайты хабарлады.
Қазақстандық спортшы 2020 жылы Токиода 61 килоға дейінгі салмақта қола медаль еншілеген еді. Ал 2019 жылы әлем чемпионатында күміс алған.
Игорь мансабында екінші рет допинг дауына ілігіп отыр. Бұған дейін қазақстандық ауыр атлет 2015 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан кейін бірнеше айға жарыстардан шеттетілген. Ол кезде спортшы тыйым салынған препарат ағзасына биоқосымшалар арқылы түскенін дәлелдеп шыққан еді.
Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) ережесіне сәйкес, допинг қолданған спортшының Олимпиададағы нәтижесі де жойылады. Игорьді де сондай жағдай күтіп тұр.
Қазақстанның Ұлттық антидопинг орталығы Игорь Сонды ғана емес, бірқатар спортшыны жарыстардан шеттетті. Олардың қатарында ауыр атлеттерден өзге таеквондо мен жеңіл атлетика спортшылары да бар.