«Қазір Америка тарапынан ресми растауды күтіп отырмыз. Нақты ақпаратты кейіннен жариялаймыз», деді Мұхтар Тілеуберді журналистерге сұхбат бере отырып.
Бұған дейін Астанада С5+1 форматындағы министрлердің жыл сайынғы кездесуі өтетіні, оған қатысу үшін Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келеді деген хабар тараған еді.