Қоғам • 22 Ақпан, 2023

Қазақстанда жеңіл көлік өндірісі артты

789 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылы Қазақстанда барлығы 113,9 мың көлік құралы өндірілді. Оның 103,3 мыңы - жеңіл автокөлік. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,1%-ға артық, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жеңіл көлік өндірісі артты

Қазақстанда автокөлік өндірісінің көлемі алтыншы жыл қатарынан өсіп келеді. Ал соңғы 12 айда машина жасау саласындағы автоөнеркәсіптің үлесі рекордтық көрсеткіш - 38,6%-ды құрады.

Energyprom сарапшылары нақтылағандай, автомобиль жасау саласындағы өндірістің ең үлкен көлемі дәстүрлі түрде Қостанай облысы мен Алматы қаласына тиесілі. Аталған өңірлерде өндіріс көлемі 89%-ға жетті.

Айта кетсек, елімізде жеңіл көлік сатылымы отандық өндірістің өсуі есебінен өсіп жатыр. Мәселен, ішкі нарықтағы сату көлемі бір жыл ішінде 4,7%-ға ұлғайды. Сонымен қатар осы кезеңде импорт бірден 22,9%-ға төмендеді.

Қазақстанда үлкен сұранысқа ие 5 брендтің ішінде бірден төртеуі біздің елімізде шығарылады. Chevrolet, Kia, және Lada – қостанайлық Allur, HYUNDAI - Алматы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында шығарылады.

Сондай-ақ елімізде KamaTyresKZ шиналарын шығаратын зауыт жұмыс істей бастады, Allur зауыты KIA Sportage автомобильдерінің шанақтарын дәнекерлеу және бояумен CKD-өндірісін іске қосу үшін қуатын кеңейтті, биыл зауытта KIA CERATO және Chevrolet Enix модельдері шығарылады деп жоспарланып отыр. Бұл ретте 2022 жылы Алматыда Chery, Haval және Changan автомобильдерін шығаратын жаңа зауыт құрылысы басталғанын атап өткен жөн.