Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына «Оптиконевромиелит» (Девик ауруы) сирек кездесетін 3 емделушіге арналған «Ритуксимаб» дәрісі жеткізілді. Науқастарға 1,8 млн теңге сомасына дәрінің 7 құтысы сатып алынды.
Девик ауруы - көру нервтерінің зақымдануымен және жұлынның бұзылуымен сипатталатын дерт.
Дәрі-дәрмектер қалалық басқарманың өтінімі бойынша сатып алынды. «Ритуксимабты» сатып алу туралы өтінімді Орфандық аурулар жөніндегі сараптама комитеті қарап, қор басқармасында бекітілді. Содан кейін жеткізушіні іздеу жұмыстары басталды. Қор отандық және шетелдік өндірушіге жүгінді. Жеткізушілермен жүргізілген келіссөздердің, сондай-ақ келісу рәсімдерінің қорытындысы бойынша Қарағанды фармацевтикалық кешенімен шарт жасалды.
Басқарманың мәліметінше, науқастар қажетті тексеруден өткен соң сатып алынған дәрі-дәрмек терапиясымен емделе бастайды.