Қоғам • 22 Ақпан, 2023

«Мені халық емес, депутаттар сайлады» деген әкім жазаланды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында ауыл әкімі «Мені халық емес, депутаттар сайлады» деген сөзі үшін жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мені халық емес, депутаттар сайлады» деген әкім жазаланды

Әлеуметтік желі қолданушылары 16 ақпанда Ащыбұлақ ауылдық округіндегі «Алмагүл» саяжайында болған оқиғаны қызу талқыға салған еді. Сол күні кәріз желісінің жарылғанын түсіруге келген телеарна журналистері мен ауыл тұрғындары әкімге бірқатар сұрақ қойған. «Сіз халықпен бірге болуыңыз керек, сізді халық сайлады» деген кісіге әкім «Қателесесіз, мені депутаттар сайлады. Келесі жолы мен сайлауға қатыссам, халық таңдайды» деп жауап берген.

«Округ әкімі Жасұлан Оңалбаевтың «мені халық емес, депутаттар сайлады» деген сөзі қате болды. Бұл оқиға қоғамның ашу-ызасын тудырды. Департаменттің ұсынысы негізінде Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оған сөгіс берілді», деп хабарлады Алматы облысы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті.

Кейін облыс әкімдігі Жасұлан Оңалбаевты бұл қызметке шынымен де жергілікті аудандық мәслихат депутаттары сайлағанын хабарлаған.