Р. Сунак Украина журналистерімен кездесуінде Украинаның НАТО-ға қабылданатынын айтқан.
«НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаның НАТО-ға мүше болатынын айтты. Мен оған келісемін. Бірақ біз қазіргі жағдайға да назар аударуымыз керек. Бізге Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары қажет. Ол жоспар бір күнге ғана емес, ұзақ мерзімге құрылуы керек», деді ол.
Осы ретте Премьер-министр Украинаның НАТО-ға мүше болуы үшін оның стандарттарға сай болу керегін қоса айтқан.
«Ең дұрысы, Украинаны НАТО-ға мүше болуы үшін НАТО стандарттарына сай келетін әскери жабдықтармен қамтамасыз ету керек», деді Р. Сунак.