Саясат • 23 Ақпан, 2023

Әлихан Смайылов: «Қазақстан сапалы бидай өндіру мүмкіндігінен айырылып отыр»

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан 10 миллион тоннаға жуық жоғары сапалы бидай өндіру мүмкіндігінен қағылып отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов: «Қазақстан сапалы бидай өндіру мүмкіндігінен айырылып отыр»

«Мамандардың бағалауынша, егістіктерге минералды тыңайтқыштар жеткіліксіз енгізілгендіктен, біздің диқандар жыл сайын 10 миллион тоннаға жуық жоғары сапалы бидай өнімінен айырылып отыр. Топырақтың деградациясы мен егістіктің арамшөптермен бітелуі өнім сапасы мен санына кері әсер етеді», деді Премьер-министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне шаруалар арасында дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

«Суды көп қажет ететін егістік алқаптарын қысқарту тетігі жеткілікті түрде әзірленбеген. Шаруалар арасында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, осы бағыттағы жұмысты күшейту қажет», деп түйіндеді Премьер-министр.