Кәсіпқой бокс • 23 Ақпан, 2023

«Шаршадым!»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

3958 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) британиялық Лиам Смит (33-3-1, 20 КО) жекпе-жекке шығудан бастартуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шаршадым!»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

«Шынымды айтсам, менімен жұдырықтасудан бастартып жатқан қарсыластардан шаршадым! Келесі қарсыласым менімен жұдырықтасады деп үміттенемін. Бірақ мен әлемдегі ең танымал боксшылардың бірі болатыныма уәде беремін. Алдыңа мақсат қойсаң, соған сенсең, оған жетуге болады», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы twitter-дегі парақшасында.